«Тараз – Шымкент» тас жолының учаскесінде жөндеу жұмысы 75 пайызға аяқталды
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 16:15
- 54
Күйік асуының 546–557 шақырым аралығында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жоба аясында жаңа апаттық тұйық пен жол-пайдалану пунктінің құрылысы да қарастырылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Автожолға қатысты ақпарат
• Ұзындығы — 12,3 шақырым
• Іске асыру мерзімі — 2025-2026 жж.
• Жоба құны — 6,9 млрд теңге
Бүгінгі күнге атқарылған жұмыстар:
• 62 мың м³-тан астам жер төсемі төселді
• Жол жабынының негізгі қабаттары толық аяқталды
• 9 км айналма жол салынды
• 15 су өткізгіш құбыр орнатылды
• Апаттық тұйықтың дайындығы — 36%
Қазіргі таңда нысанда:
• 43 техника
• 79 маман жұмыс істеуде
Биылғы жылдың жоспары:
• Жабынның жоғарғы қабатын (ЩМА) төсеу
• Апаттық тұйықты аяқтау
• Жол-пайдалану пунктін салу
• Жолды абаттандыру
Жол жөндеу жұмысы биыл толық аяқталады.





