Тараз төрінде Сарысу жәрмеңкесі
2019-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарының 20 тармағына сәйкес үстіміздегі жылдың қазан айының 31 жұлдызында Тараз қаласы "GRAND BAZAAR" аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Сарысу ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері жәрмеңкеге 500 кг жылқы етін, 500 кг сиыр етін, 400 кг қой еті және 100 л қымыз-шұбат, 100 кг сүт өнімдерін сатылымға шығарды.
Барлық өнімдер нарықтық бағадан 10-15 % төмен бағада сатылуда.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала