жексенбі, 17 қараша, 2024 5:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда 50 адамға арналған той таратылды

Таразда 50 адамға арналған той таратылды
ашық дереккөзі
Таразда 50 адамға арналған той таратылды
Кезекті рейдтік іс-шаралар барысында Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері және төрт мобильді топ «Grand Royal» мейрамханасында 50 адамға арналған отбасылық салтанатты кештің өткізілу дерегін анықтады. Елордада карантин талаптарын бұзған 6 мекеме жауапқа тартылды Карантин: Шымкентте 150 адам жиналған той таратылды СҚО-да санитариялық талаптарды бұзғандарға 40 млн теңгенің айыппұлы салынды «Қызыл» статуспен карантин талаптарын бұзған адамдардың аты-жөні БАҚ-қа жарияланады Тойды ұйымдастырушыға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша материал жиналып, бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қадағалау орнына жіберілді. «Жалпы жыл басынан бері түрлі меншік нысанындағы рейдтік тексерулермен нысандарда 663 бұзушылық анықталды. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы ҚР ӘҚБтК -нің 425-бабы бойынша жалпы сомасы 69 907 847 теңге көлмінде ойын-сауық мекемелері мен өзге де меншік нысандарының 312 иесін жауапкершілікке тартты», - деп мәлімдеді Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар