Таразда АЭС салу туралы жария талқылау өтеді
- авторjambylinfo.kz
- 14 маусым, 2024
- 631
Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Жамбыл облысында жария талқылаулар өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстанда атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болғаны белгілі. Сонымен қатар, Жолдауда Қазақстан Республикасының Президенті референдум өткізу мерзімдері кейінірек белгіленетінін атап өтті. Референдум өткізу тәртібі 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен регламенттелген. Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Жамбыл облысында жария талқылаулар өткізу жоспарланып отыр. Жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысады. Жария талқылауларды өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрақтарын қоя алады», - деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайты.
Жария талқылау 2024 жылдың 18 маусымы күні, сағат 10:00-де «Достық үйі» ғимараты, Тараз қаласы, Төле би даңғылы 23Б мекен-жайы бойынша өтеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз