Жамбыл жаңалықтар
Таразда алаяқ әйел жергілікті тұрғынның 20 млн теңге тұратын алтын бұйымдарын алдап алған
- авторjambylinfo.kz
- 25 қазан, 2021
- 142
Таразда алаяқ әйел жергілікті тұрғынның 20 млн теңге тұратын алтын бұйымдарын алдап алған
Жамбыл облысында полицейлер жергілікті тұрғынның 20 млн теңге тұратын әшекейлік бұйымдарын алдап, алып кеткен алаяқты ұстады
Тараз қаласының полициясына Жамбыл ауданының тұрғыны, 42 жастағы әйел хабарласып, өзінің алтын бұйымдарын сатпақ болған. Оған бейтаныс әйел хабарласып, алтындарын тиімді бағамен сатып беретінін қан. Алайда ол алтынды алып, ақшасын сол бойы бермеген. «Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары 31 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады, күдікті кінәсін мойындады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі таңда тергеу шаралары жалғасуда. Аталған қылмысты жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің талаптары бойынша мүлкін тәркілей отырып, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген»,-делінген Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. Полиция департаменті азаматтарға көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу ҚР ҚК 196-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз