Жамбыл жаңалықтар
Таразда аналарға арналған әдеби-сазды баллада кеші өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 6 наурыз, 2026
- 399
Кеш соңында аналарға құрмет көрсетіліп, олардың қоғамдағы ерекше орны мен өнегелі рөлі тағы бір мәрте айшықталды.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Аналар ғой тіршіліктің баяны!...» атты әдеби-сазды баллада кеші өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараның мақсаты – қоғамдағы ананың рөлін дәріптеу, қазақ әйелінің парасаты мен өнегесін насихаттау, отбасы құндылықтарын қадірлеу және жас ұрпақты анаға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Кеш барысында ананың мейірімі, әйелдің қоғамдағы рөлі, отбасы тәрбиесі мен ұлттық құндылықтар жайында тағылымды ойлар айтылып, түрлі салада еңбек етіп жүрген құрметті әйелдер қауымы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар қонақтар жастарға отбасы тәрбиесі, аналық жауапкершілік, әйел бақыты, қыз тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды сақтау жөнінде ой-пікірлерін білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 105 педагог конкурссыз жұмысқа қабылданды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 наурыз, 2026
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда жоғалған малшы 3 күннен кейін табылды
- авторБақытжан Бекболат
- 23 наурыз, 2026





