Таразда Ашық есік күні аясында халыққа тегін медициналық кеңестер берілді
- авторМағжан Орынбасар
- 17 қараша, 2025
- 87
Бір күндік әлеуметтік-маңызды акция асында қала тұрғындарына Almaz Medical Group, медициналық орталығының мамандары 14 қараша – Дүниежүзілік диабетке қарсы күрес күніне орай, қант диабетіне қатысты маңызды ақпарат пен кеңестер берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дәрігерлердің айтуынша, қант диабеті – инсулиннің жетіспеушілігі немесе оның дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан қандағы қанттың жоғарылауымен сипатталатын созылмалы ауру. Ерте анықтау мен алдын алу – денсаулықты сақтаудың басты жолы.
Негізгі белгілері:
– Шөлдеу
– Жиі зәр шығару
– Шамадан тыс шаршау
– Көздің бұлдырауы
– Жараның баяу жазылуы
Алдын алу:
Дұрыс тамақтану
Қозғалыс және күнделікті белсенділік
Салмақты бақылау
Қандағы қантты жүйелі бақылауда ұстау және зиянды әдеттерден аулақ болу
Акция барысында тұрғындар дәрігерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






