дүйсенбі, 9 маусым, 2025 3:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда балалардың әл-ауқатын арттыруға арналған дөңгелек үстел өтті

Таразда балалардың әл-ауқатын арттыруға арналған дөңгелек үстел өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Оқу-ағарту министрлігі елімізде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Қазақстан балалары» онкүндігін өткізуде.

Осы онкүндік аясында бүгінгі күн – «Бала үні» күні ретінде белгіленді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Аталған онкүндікке орай Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназиясында «Баланың әл-ауқаты – мемлекеттің қамқорлығы» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мұндағы мақсат – әлеуметтік осал топтар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың ұсыныстарын тыңдау, олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды жинақтап, тиісті мекемелерге ұсыну. Сонымен қатар, бұл жиын балалардың өз ортасында еркін пікір айтуына, бастамаларын таныстыруына мүмкіндік берді.

Жиын балалар шығармашылығы мен жобалар көрмесін тамашалаудан басталып, одан кейін ашық пікір алаңына ұласты. Еркін форматта өткен дөңгелек үстелде оқушылар білім, қала тіршілігі және балалар құқығына қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Жиынға облыстық білім басқармасының және қалалық бөлімдердің өкілдері, мектеп директорлары, мұғалімдер, ата-аналар, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер қатысты. Олар оқушылардың ұсыныстарына құлақ асып, кейбір бастамаларға қолдау білдіретінін жеткізді.

«Балалар үні» атты ашық диалог бөлімінде жас көшбасшылар өз жобаларын таныстырып, қала мен мектеп өміріне қатысты маңызды бастамаларын ортаға салды. 

Мысалы, №12 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Есенғали Жұлдызай «Балалар үні естілетін қала» жобасын ұсынды. Ал, №24 гимназияның 10-сынып оқушысы Галахов Руслан мәдениет пен білім орталықтарын көбейтуді қажет деп санайтынын айтса, №45 гимназияның 9-сынып оқушысы Ердос Жарқын ауладағы гүлзарлар мен көгалдандыру идеясын ортаға салды. 

Сондай-ақ, №1 гимназияның 9-сынып оқушысы Шайкрамов Исмаил ауладағы қауіпсіздік мәселесін көтерсе, №8 гимназияның 9-сынып оқушысы Райымқұл Жансезім ортақ демалыс орындарын көбейту қажет екенін атап өтті. 

Жиын соңында Жамбыл облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Кзылкулова Ләззат Әбілдақызы құттықтау сөз сөйлеп, балалардың белсенділігі мен тың идеяларын жоғары бағалады. Белсенді қатысушылар мен үздік жобалар иегерлері арнайы марапаттарға ие болды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар