Жамбыл жаңалықтар
Таразда белгілі тұрағы жоқ азаматтар ПТР тестті тегін тапсыра алады
- авторjambylinfo.kz
- 21 қараша, 2020
- 220
Таразда белгілі тұрағы жоқ азаматтар ПТР тестті тегін тапсыра алады
Тараздағы Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығында үйсіз-күйсіз жүргендерді ПТР тестілеу мәселесі шешілді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше БАҚ-та белгілі тұрағы жоқ азаматтар әлеуметтік бейімдеу орталығына кіре алмай жүргені туралы ақпарат жарияланған болатын. Себеп ретінде келушілерден коронавирус дерті жоқ екенін растайтын сынама нәтижелері талап етілген деп көрсетілді.
«Мәселе туындағаны рас. Алайда кеше ол оң шешімін тапты. Енді біздің қызметкерлер келушілерді «Ұлттық экспертиза орталығының» филиалына апарып, сол жерде тегін ПТР-сынама алынады. Нәтижесі шыққанша, олар уақытша фильтр бөлмеде болады. Теріс нәтиже шыққан жағдайда келуші 14 күндік карантинге оқшауланады. Сол уақыт өткен соң ғана келушіні жалпы палатаға орналастырамыз»,- дейді орталық директоры Гаухар Сейітқазиева.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала