Таразда бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 100 адам эвакуацияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 1 қаңтар, 2026
- 376
31 желтоқсан күні сағат 22:18-де бесінші қабаттағы балконнан өрт шығып, жалын тұрғын үйдің шатырына тараған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қауіпсіздік мақсатында тұрғындар эвакуацияланды. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің вахталық көліктері базасында тұрғындарды жылыту пункттері ұйымдастырылды.
Өрт орнында ТЖД бастығының жетекшілігімен жедел штаб құрылды. Өрт салдарынан 100 адам эвакуацияланды, олардың 30-ы - балалар.
Өрт сөндірушілер келген сәтте ғимараттың шатыры толықтай жанып жатқан. Өртті сөндіру үшін суды үздіксіз беру қамтамасыз етіліп, үш жауынгерлік учаске жұмыс істеді. Жалынды ауыздықтауға жеті су оқпаны қолданылды.
Өртті сөндіру жұмыстарына жеке құрамнан 62 адам мен 22 бірлік техника жұмылдырылды. Полиция департаментінің қызметкерлері өрт аумағын қоршауға алды.
Қазіргі таңда өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көбейді
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы кең көлемде өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 23 наурыз, 2026
Жамбылда Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтілді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 наурыз, 2026






