сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 8:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда электромобиль қуаттайтын станциялар салынады

Таразда электромобиль қуаттайтын станциялар салынады
Коллаж: jambylinfo.kz
Бұл бойынша инвесторлар жаңа жобаны іске асыруға ниетті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасын сәйкес, өткен жылы Тараз қаласында электромобильдерді  қуаттайтын станциялар салу бастамасы қолға алынған. Биыл инвесторлар бұл жобаны іске асырады, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Қала әкімі Бақытжан Орынбековтың сөзінше, тоқпен жүретін көліктерді қуаттайтын орындар салу жұмысы алдағы 1 айдың көлемінде басталады. Ол үшін инвесторларға тиісті жер телімі берілген. Облыс әкімі табиғаты туризмге қолайлы аймаққа дәл осындай мақсатта жұмыс атқаратын тағы қосымша инвесторлар тарту керектігін айтып, шаһар басшысына нақты тапсырмалар жүктеді.

"Облыстың ішінде мына электромобильдерге ең қолайлы инфроқұрылымды жасайтын қала болуы керек. Осы бойынша инвесторларды да алып келдік. Бұған қарамастан, қосымша инвесторлар тарту керек. Қуаттау станцияларын Таразда жинай алатын зауыт салайық.  Осыны қолға алыңыз,- деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.

Айта кету керек, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев әлемде электромобиль алатын адамдардың көбеюінен Қазақстанға қандай пайда келетінін айтқан еді.

«Қазақстан өзінің ресурстық базасының арқасында бәсекеге қабілетті екендігі өте маңызды. Бұл тұрғыда мыс өндіру бағытын атап өтуге болады. Барша әлем “жасыл экономикаға”, автокөліктерде электр қозғалтқыштарын орнатуға көшуге ерекше мән беріп отыр. Яғни, орта есеппен Tesla немесе басқа да электромобильдерде 2-3 электр қозғалтқыш орнатылады, онда 15-14 келі мыс орамасы бар», — деген еді Қ. Шарлапаев Сенатта депутаттар сұрағаны жауап бере отырып.

Оның айтуынша, алдағы жылдары электромобиль нарығы айтарлықтай өсуі мүмкін.

«Егер адамдар жаппай электромобильге отыра бастаса, барша әлемде мыс өндіру деңгейі еселеп артуы тиіс. Осы бағытта еліміз катодты мыс секілді дайын өнім шығарса, онда елімізде дамыту үшін нарық әлеуетінің деңгейі айтарлықтай жоғары», — деді министр.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар