Жамбыл жаңалықтар
Таразда коммуналдық кәсіпорын жылудың бағасын себепсіз қымбаттатуға тырысқан
- авторjambylinfo.kz
- 6 тамыз, 2021
- 260
Таразда коммуналдық кәсіпорын жылудың бағасын себепсіз қымбаттатуға тырысқан
Қаржылық мониторинг агенттігі коммуналдық қызметтер бағасының негізсіз көтерілуінің жолын кесті.
Семейліктердің жылуға қарызы 375 млн теңгеге жетті Коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуі – қазақстандықтарды толғандыратын күрделі әлеуметтік мәселенің бірі. Қаржылық мониторинг агенттігі тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылдайды. Агенттік «Таразэнергоорталығы» АҚ басшылығына қатысты жабдықты жөндеуге жалған жұмсалған 2,2 млрд теңгені жымқыру дерегі бойынша жүргізілген тергеп-тексеру шеңберінде «Табиғи монополиялар туралы» заңын бұзу қосымша деректері анықтады. Атап айтқанда, акционерлік қоғам 2022-2026 жылдары жылу энергиясы тарифін тұрғындарға 2 есе, бюджеттік ұйымдарға 3,6 есе және заңды тұлғаларға 3,2 есе арттырмақ болған. Монополист тарифтердің көтерілуін ЖЭО-4 жабдығын жөндеуге жұмсалған шығындардың ұлғаюымен түсіндірді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде акционерлік қоғамның тарифтерді ұлғайту туралы өтінімін Жамбыл облысы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті қабылдамай, сол арқылы облыс тұтынушыларының шектелмеген тобының құқығы қорғалып қалды. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесіне орай жарияланбайды. Іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала