Таразда медицина мамандарына жаңа көліктер берілді
- авторМағжан Орынбасар
- 21 қараша, 2024
- 296
Бүгін Таразда Жамбыл облысының 85 жылдық мерейтойы аясында денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арнайы көліктер берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев 20 жаңа санитарлық автокөлікті дәрігерлерге табыстап, өңірдегі медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтты. Әкімнің сөзінше, биыл жергілікті бюджеттен 660 миллион теңге бөлініп, санитарлық көліктердің 33 данасы сатып алынып, аудандық және көпбейінді ауруханаларға берілген. Сонымен қатар, тағы 13 микроавтобус алдағы уақытта беріледі деп жоспарланып отыр.
- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдымызға қойған міндеттеріне сәйкес аурудың алдын алуға, медициналық қызметтің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз етуге бар жағдай жасалып келеді. Ғимараттар жаңартылып, материалдық-техникалық база нығайтылды. Медицина қызметкерлерінің алаңсыз жұмыс істеуіне қажетті барлық мүмкіндіктер қарастырылды. Мәселен, 2023 жылы 24 нысанның құрылысы жүргізіліп, оның 10-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылды. Жыл соңында 19 нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 11 нысан күрделі жөндеуден өтті. Ағымдағы жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 20 медициналық-санитарлық нысанның құрылысы басталып, бүгінгі күнде бюджеттен 3 нысан пайдалануға берілді. Осы жоба шеңберінде Меркі ауданының орталық аудандық ауруханасы ғимаратының қабылдау бөлімшесінің қосымша құрылысымен қайта жаңғыртылуда. Сондай-ақ, Қордай ауданының 1 517,1 млн.теңге сомасына Сортөбе ауылындағы ауылдық аурухана аумағында ауысымда 200 келушіге арналған емхана мен Масаншы ауылдық ауруханасының емханасына қосымша құрылыс жұмыстары аяқталды. Орта мерзімді перспективада Байзақ, Қордай, Жуалы аудандарында 3 ірі аудандық аурухананың құрылысын салу, сондай-ақ Меркі, Шу және Талас аудандарында 3 ауданаралық көпсалалы ауруханаларды қайта жаңғырту жоспарлануда,- деді Ербол Қарашөкеев.
Айта кетейік, бүгінгі күні облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарын санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету қажеттілігі 272 бірлікті құрайды. Сонымен қатар, аудандық медициналық ұйымдарында 235 бірлік санитарлық автокөлік теңгерімінде болса, оның ішінде 100% тозған 112 бірлік бар.
Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтірді
Ұқсас жаңалықтар
«Тараздағы митинг». Әкімдік ресми мәлімдеме жасады
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2024
«Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» тақырыбында поэзия марафоны өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 11 желтоқсан, 2024