Таразда полицей суға кеткен балаға 10 минут бойы массаж жасап, сәбиді ажалдан құтқарды (ВИДЕО)
- авторjambylinfo.kz
- 17 мамыр, 2024
- 1.1k
Тараз қаласында Боран-3 автоэкипажы өзіне бекітілген аумақты патрульдеп жүрген. Сол сәтте рация бойынша кезекшіден шұғыл шақырту түсіп, Айша бибі көшесінің бойында мектеп жанындағы ағып жатқан каналға 2 жасар бала құлап кеткені туралы ақпарат жеткен, деп жазады jambylinfo.kz.
Полиция бірнеше минут ішінде шақырту орнына келген. Ол кезде өтіп бара жатқан бір адам баланы ес-түссіз күйде судан шығарып алған. Жедел медициналық көмек бригадасы келгенше, полиция қызметкері 10 минут бойы жүрек-өкпе реанимациясын жүргізген.
«Бала демала алмай жатса да, мен соңына дейін күрестім. Бізге үйреткендей, тоқтаусыз жүрекке массаж жасадым. Көрер жарығы бар екен, өкпеден су шықты. Нәресте дем ала бастады», - деді Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы Дәурен Колқаев.
Бала облыстық балалар ауруханасында, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз