жексенбі, 5 мамыр, 2024 13:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Таразда сенбілік аясында "Жеңіс" саябағына 300 көшет отырғызылды

Таразда сенбілік аясында "Жеңіс" саябағына 300 көшет отырғызылды
Қала әкімі Бақытжан Орынбеков көшет отырғызуда. Фото - Jambylinfo.kz
Бүгін Таразда қала әкімі Бақытжан Орынбековтың қатысуымен Бауыржан Момышұлы атындағы " Жеңіс" саябағына ағаш көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Қаладағы сенбілік аясында " Жеңіс" саябағына 1260 түп көшет егіледі деп жоспарланған. Оның 300 түбі бүгін отырғызылды. Сенбілікке қала тұрғындары , мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері белсенді атсалысып жатыр. Шаһар басшысы Бақытжан Орынбековтың сөзінше, биыл қаланы көгеріштендіру үшін Тараз қаласының  аумағына 40 мың түп тал-дарақ отырғызылады .

  • Тазалық сақтау әр адамның борышы. Бүгін қала тұрғындары сенбілікке белсенді қатысып жатыр. Арық-атыздар, аулалар, саябақтар, арналар тазаланып жатыр. Биыл Таразда 40 мың көшет егіледі. Оның 20 мыңы саябақтарға отырғызылады. Былтыр еккен көшеттеріміздің 80 пайызы көгеріп тұр . Бұл - жақсы көрсеткіш,- дейді Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков .
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар