Таразда шомылу маусымына дайындық қалай жүріп жатыр
- авторИндира Тәліпқызы
- 16 мамыр, 2024
- 634
Жаздағы шомылу маусымының басталуына да санаулы күндер қалды. Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ербол Әміров жазғы демалыс кезінде (шомылу маусымы) кәмелетке толмағандарға қатысты оқыс оқиғаларды болдырмау үшін алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Ербол Әміров өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы шомылу маусымына дайындық турасын сөз етті.
"2023 жылы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында ересектер мен жасөспірімдердің судағы қауіпсіздігіне арналған бірқатар іс-шаралар орындалды. Атап айтқанда, Тараз қаласы аумағында 102 рейдтік жұмыс жүргізіліп, 2500-ге жуық жадынама таратылды. Ал, биылғы шомылу маусымы кезінде Талас өзенінің жағасына ескерту мазмұнды билбордтар орнату, көпбалалы және жағдайы төмен отбасылардың балаларына жекеменшік бассейндерге жеңілдік беру, күнделікті рейдтік іс-шараны құтқарушылармен бірге кезекшілікке жергілікті полиция және білім бөлімінің қызметкерлерін қосып өткізу көзделіп отыр. "Жеңіс" саябағында орналасқан жүзу құралдарын жалға беру орындарын ескерту тақтайшаларымен, медициналық пунктпен жабдықталады,- деді Ербол Әміров.
Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы атап өткендей, ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстауды ескертті.