жексенбі, 6 сәуір, 2025 4:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда сотталғандарды түзеу жұмыстары қалай жүргізілуде

Таразда сотталғандарды түзеу жұмыстары қалай жүргізілуде
Фото - Jambylinfo.kz
Сотталған азаматтарды қайта әлеуметтендіру мен түзеудің негізгі тетіктерінің бірі – еңбекке араласу

Еңбек арқылы адам психологиясы оң өзгеріске ұшырап, болашаққа деген сенімі артады. Тәжірибе көрсеткендей, жұмысқа тартылған сотталғандар бос уақытын мақсатсыз өткізетін азаматтарға қарағанда түзу жолға түсуі жеделдейді. Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Мұнда сотталғандар тек шаруашылық қызметте ғана емес, сондай-ақ РМК «Еңбек-Тараз» кәсіпорнында және 2016 жылдан бері кіші бизнес өкілдері ашқан жұмыс орындарында да еңбек етеді. Бұл бастама сотталғандарды ақылы жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп, олардың өмірге бейімделуіне ықпал етуде.

Жұмыс барысында мекеме әкімшілігі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының қатаң сақталуын қадағалайды. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, жұмысшыларға өндірістегі қауіпсіздік шаралары бойынша тұрақты түрде нұсқаулықтар өткізіліп, тиісті талаптардың орындалуы бақылауда ұсталады.

Еңбекке араласу – қоғамнан оқшауланған азаматтарды әлеуметтендірудің, олардың бойында жаңа дағдылар қалыптастырудың және болашаққа үміт ұялатудың бірден-бір жолы. Осы орайда, №58 мекемесінде атқарылып жатқан жұмыстар түзеу мекемелеріндегі оң тәжірибенің бір көрінісі.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар