сейсенбі, 23 желтоқсан, 2025 19:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда төрт егіз жұп бір бөлімде қызмет етуде

Таразда төрт егіз жұп бір бөлімде қызмет етуде
Ұлттық ұлан
Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлімдеді

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы тарихында сирек кездесетін ерекше жағдай Тараз қаласында тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінде бір уақытта төрт егіз жұп әскери қызмет атқарып жүр. Бұл – биыл Ұлттық ұлан сапында екінші рет орын алған ерекше жайт.

Әскерге шақыру барысында сарбаздардың егіз екені анықталған сәттен бастап, бөлім басшылығы оларды бір-бірінен ажыратпай, бірге қызмет етуіне мүмкіндік берген. Мұндай шешім сарбаздардың тұрмыстық қолайлылығымен қатар, психологиялық тұрақтылықты нығайтып, өзара қолдауды арттыруға ықпал етеді.

Алматы облысынан шақыртылған 22 жастағы Диас пен Илияс Төлепбергендер бүгінде Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүр. Диастың «Сарбаз 2.0» бағдарламасы арқылы жоғары оқу орнында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болуы – әскери қызмет пен болашақ кәсіби дамуды ұштастырудың жарқын үлгісі.

19 жастағы Эльхан мен Эльшан Нуриевтер үшін әскер – спорттағы жетістіктерін шыңдайтын ортаға айналды. Егіздер армрестлингтен әскерге дейін де, әскер қатарында да үздіктер қатарынан көрініп келеді.

Түркістан облысынан шақыртылған 19 жастағы Нұрсұлтан мен Ерсұлтан Беркішовтар – егіз болғанымен, мінезі мен сыртқы келбеті әртүрлі жұп. Дегенмен тәртіпке беріктік пен жауапкершілік оларды ортақ мақсатта тоғыстырып отыр.

Шымкент қаласынан келген Аман мен Есен Қонар – көпбалалы отбасының үлкендері. Бүгінде олар №58 түзеу мекемесінде қарауылдық қызмет атқарып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда.

Ұлттық ұлан сапында бірнеше егіз жұптың қатар қызмет етуі – әскери ортадағы бауырмалдық, адамгершілік пен тәртіптің үйлесімді көрінісі. Бұл – әскери қызметтің тек қатаң талаптарға емес, рухани тұтастыққа да негізделетінінің айқын дәлелі.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар