Жамбыл жаңалықтар
Таразда түзеу мекемесіне «каннабис шайырын» лақтырмақшы болған азамат ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 9 қыркүйек, 2021
- 427
Таразда түзеу мекемесіне «каннабис шайырын» лақтырмақшы болған азамат ұсталды
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/7 мекемесі қызметкерлерінің қырағылығының арқасында тыйым салынған заттардың мекемеге ену дерігінің жолы кесілді.
– Келіп түскен жедел ақпаратқа сәйкес мекеме қызметкерлері дереу әрекет жасады. Мекеме қызметкерлері күдік тудырған Тараз қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ер азаматтан 2 дана рогатка және жапсырмамен оралған 26,14 граммды құрайтын 3 дана «каннабис шайыры» табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабының 3 бөлігіне сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, ұсталған азаматтан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Өкінішке орай, қабылданған барлық профилактикалық іс-шараларға қарамастан, жазасын өтеушілердің туыстары, достары және басқа да адамдар сотталғандарға тыйым салынған заттарды лақтыру және енгізу әрекеттерін жалғастыруда. Өз кезегінде, ҚАЖ қызметкерлерінің қырағылығының арқасында мұндай әрекеттер дереу тоқтатылады, – деді аймақтық ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Оқушылар қандай жағдайда қашықтан оқи алады?
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Халықаралық адам құқықтары күніне орай дөңгелек үстел өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 5 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Мәлік Отарбаев жамбылдық жастармен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 5 желтоқсан, 2025






