сәрсенбі, 26 наурыз, 2025 12:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздағы түзеу мекемесінде Наурыз мейрамы тойланды

Тараздағы түзеу мекемесінде Наурыз мейрамы тойланды
Ашық дереккөз
Іс-шараның басты мақсаты – жазасын өтеушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлау

Тараздағы №58 мекемесінде Наурыз мерекесіне орай спорттық іс-шара өтті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемесінде Наурыз мерекесіне орай сотталғандар арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жазасын өтеушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлау, ұлттық ойындарды дәріптеу және олардың тәртібін қалыптастыруға ықпал ету.
Мерекелік жарыс барысында сотталғандар арқан тарту, қол күресі, гір тасын көтеру және ләңгі тебу секілді спорттық сайыстарға қатысып, өз бақтарын сынады. Белсенділік танытқан қатысушылар ерекше жігерлікпен өнер көрсетіп, өзара мықтыларды анықтады.
Жарыс соңында жеңімпаздарға мекеме әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар табысталып, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ынталандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға қатысушылар мұндай спорттық ойындардың психологиялық жағынан оң әсер ететінін айтып, алдағы уақытта да жалғасын тапса деген тілектерін жеткізді.
№58 мекемесінің әкімшілігі сотталған азаматтардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және олардың уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында осындай шараларды жиі өткізіп тұруды жоспарлап отыр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар