Тараздағы түзеу мекемесінде режим қызметінің құрылған күні атап өтілді
- авторМағжан Орынбасар
- 28 тамыз, 2024
- 814
Тараздағы № 58 мекемесінде режим қызметінің құрылған күні атап өтілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Биыл түрмедегі режим бөлімінің қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттарды алып кіргізбекші болған 7 азаматты құрықтаған. Олардан 71 дана ұялы телефон, 82 дана кесіп-тесу құралдары, 0,5 литр спирттік ішімдік тәркіленген. Сондықтан тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысы қатерге толы. Кәсіби мерекеге орай, мекеме басшылығы қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД № 58 мекемесі бастығының режим және жедел жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Руслан Нұрланұлы Жапаровтың басшылығымен және режим бөлімінің бастығы әділет майоры Азат Өркенұлы Базарбаймен бастаған режим бөлімінің қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймыз. Уақытпен санаспай, тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауға бел буған азаматтар әрқашан құрметке лайық,- деді режим бөлімінің аға жедел уәкілі әділет майоры А. Абдыбаева.
Димаш Құдайберген қытайлық әншілерге қазақ тілін үйретті
Ұқсас жаңалықтар
Облыста 16 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Жамбылда 577,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024