бейсенбі, 11 желтоқсан, 2025 15:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздағы университетке заңсыз құрылыс жұмыстарын жүргізгені үшін айыппұл салынды

Тараздағы университетке заңсыз құрылыс жұмыстарын жүргізгені үшін айыппұл салынды
Фото: pixabay.com
Бұл туралы Тараз қаласының ӘҚБжМС баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тараздағы университетке мемлекеттік органның хабарламасынсыз құрылыс үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  jambyl_sottary сілтеме жасап.

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігі (Міндетті хабарламаны жібермеу) бойынша "Т." университетіне қатысты істі қарады.

Істі қарау үшін тексеру материалдары негіз болды, оның барысында университет құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын хабардар етпей, қолданыстағы ғимаратқа екі қабатты жапсаржай салуды жүзеге асырғаны анықталды.

Кінә хаттамамен, өкілдің түсіндірмелерімен, тексеру тағайындау және нәтижелері туралы актілермен, уәкілетті органның хатымен және фотоматериалдармен дәлелденді.

Сотта университет өкілі аталған фактілерді растап, кінәсін мойындады.

ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігінің санкциясы коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

Құқық бұзушылықтың сипатын, мүліктік жағдайын және жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот айыппұл сомасын 30%-ға азайтты.

Сот қаулысымен мекеме ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 68 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар