Тараздағы қылмыстық-атқару жүйесінде құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 11 қараша, 2025
- 198
ҚР Қылмыстық кодексінің 428, 428-1 және 429-баптары бойынша түсіндіру шарасы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараға мекеме бастығы әділет подполковнигі Р.Н. Жапаров пен мекеменің жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Түсіндіру жұмыстары барысында жазасын өтеушілерге аталған баптардың заң талаптары мен нормалары түсіндіріліп, арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді. Мұндай құқықтық ағарту іс-шаралары сотталған азаматтардың заң алдындағы жауапкершіліктерін тереңірек ұғынуға және құқықтық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған.
Іс-шарада жазасын өтеушілерге материалдық және қылмыстық жауапкершілікке қатысты ескерту жасалып, мемлекетке, мекемеге немесе жеке және заңды тұлғаларға материалдық залал келтірген жағдайда тиісті заң талаптарына сай жауапқа тартылатыны айтылды. Сонымен қатар, өз денсаулығына қасақана зиян келтіріп, емдеу шығындарын мемлекет есебінен өтету міндеті түсіндірілді.
Іс-шара соңында сотталған азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, құқықтық ақпаратты алу мүмкіндігі қамтамасыз етілді.
Аянат Жұмағали Ислам ойындарында қола медаль иеленді
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






