Таразда заманауи әйелдер консультациясы ашылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 тамыз, 2025
- 432
Әйелдер консультациясы алғашқы медициналық-санитарлық көмек буынын жаңғырту бағдарламасы аясында құрылып, әйелдердің, соның ішінде жүктілік кезеңінде, ана атануға дайындықта және аурулардың алдын алуда, жайлы, қауіпсіз әрі дер кезінде медициналық қызмет алуына бағытталған.
Қабылдауды акушер-гинекологтар, УДЗ дәрігерлері, отбасыны жоспарлау жөніндегі мамандар жүргізеді. Бөлімше заманауи диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етілген, бұл ауруларды ерте кезеңде анықтауға және жоғары дәлдіктегі зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Консультация құрылымында болашақ аналарға арналған мектеп жұмыс істейді, сондай-ақ психологиялық және құқықтық қолдау көрсетіледі.
«Осы орталықтың ашылуы – әйелдер денсаулығына деген қамқорлықтың жарқын көрінісі. Болашақ аналар үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыра отырып, біз қоғамдық денсаулықтың негізін қалаймыз», — деп атап өтті Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек.
Бағдарлама әйелдер консультацияларында – емханалар мен перинаталдық орталықтардың құрылымдық бөлімшелерінде – білікті көмекті уақтылы көрсетуге бағытталған. Негізгі назар жеке және мультидисциплинарлық тәсілге аударылады, әсіресе қауіп факторлары бар кезде.
Бағдарлама аясында асқынуларды ерте анықтау, пренаталдық скрининг пен генетикалық зерттеулер, психопрофилактикалық жұмыс, қашықтан консультациялар мен патронаж, өмірдің қиын жағдайында жүрген әйелдерге психологиялық және әлеуметтік қолдау қарастырылған.
Ерекше назар түсік тастаудың алдын алу, репродуктивті денсаулық саласында ағарту жұмыстары, медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл және ана мен нәресте өлім-жітімін төмендету үшін көмек көрсету тиімділігін талдауға аударылады.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025




