сейсенбі, 27 қаңтар, 2026 21:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай оқушылар арасында аламан айтыс өтті

Таразда Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай оқушылар арасында аламан айтыс өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Айтыс екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Алдымен іріктеу кезеңінде қатысушылар жеребе тарту арқылы жұптасып, суырып салма ақындық өнерлерін ортаға салды.

Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай Жамбыл облысында жас айтыскерлер арасында аламан айтыс өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жас өрендердің шабытын шыңдап, жүйріктерді жарыстырған аламан айтысты Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығы ұйымдастырды.

Облыстық мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізу орталығында өткен іс-шара ұлы жырау, халық ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Жүз жыл жырлаған жүрек» тақырыбында өтті.

Өнер сайысы екі кезең бойынша өтті. Алғашқы іріктеу кезеңінде қатысушылар жеребе тарту арқылы жұптасып, суырыпсалма ақындық өнерлерін ортаға салды. Сөз сайысында оза шапқан жүйріктер ақтық сынға жолдама алып, жеңімпаздар қазылар алқасының шешімімен анықталды.

Тартысты да тартымды өткен аламан айтыс нәтижесінде Бас жүлде Тараз қаласының намысын қорғаған Інжу Жаңабайға бұйырды. І орын Байзақ ауданынан қатысқан 4-сынып оқушысы Керімбай Райымбекке берілсе, екі ІІ орынды Талас ауданынан 10-сынып оқушысы Маржан Серік пен Жамбыл ауданынан 9-сынып оқушысы Досым Абай иеленді. Ал қос ІІІ орын Жамбыл ауданынан 7-сынып оқушысы Мирас Жамалбек пен Меркі ауданынан 10-сынып оқушысы Назгүл Ерланқызына табысталды.

Сонымен қатар, сөз өнерінде ерекше көзге түскен жас талапкерлер де арнайы марапаттарға ие болды. Жамбыл ауданынан 8-сынып оқушысы Әсел Мұратқызы «Ұлбике Жангелдіқызы» атындағы арнайы жүлдені жеңіп алса, Тараз қаласынан 8-сынып оқушысы Алинұр Бектұрсын «Кенен Әзірбаев» атындағы арнайы жүлдені иеленді.

Айтысқа белсене қатысып, өнерімен танылған Тараз қаласынан 7-сынып оқушысы Даниал Сұлтанхан, 4-сынып оқушысы Айша Сұлтанхан, 11-сынып оқушысы Ержігіт Ораз және Жамбыл ауданынан 9-сынып оқушысы Еркежан Шамшарған алғыс хаттармен марапатталды.

Жас айтыскерлердің шығармашылығын шыңдаған бұл аламан айтыс – ұлттық өнердің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, рухани мұра ретінде жаңғыра беретінінің айқын көрінісі. Жыр алыбы Жамбылдың өнегелі жолын жалғаған жас талапкерлердің өнері көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар