сейсенбі, 17 ақпан, 2026 19:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Таразда «Жас сақшы» сыныбы ашылды
Фото - Jambylinfo.kz
Сонымен қатар оқушыларға арнайы куәліктер табыс етілді

Бүгін Таразда Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясы базасында «Жас сақшы» полицей сыныбы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты азаматтық жауапкершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу, ішкі істер органдарында қызмет ету идеясын насихаттау. Сондай-ақ, жаңа бастама жасөспірімдердің бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, тәртіп пен заңға құрмет сезімін арттыруға бағытталған.

Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын енгізу және Әнұран орындаумен басталды. Одан кейін «Жас сақшы» сыныбының 8-сынып оқушылары салтанатты түрде ант қабылдап, арнайы куәліктер табыс етілді. 

Іс-шара барысында Жамбыл облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мен білім беру мекемесі арасында ынтымақтастықты нығайтатын өзара әріптестік жөніндегі келісімге бастамашылдық жасалды.

Шараға құқық қорғау органдарының басшылығы, ардагерлер, педагогтер, ата-аналар, оқушылар қатысты. 

Қонақтар үшін арнайы қойылымдар, кинолог мамандарының көрсетілімі, би және музыкалық нөмірлер ұсынылды.

Сонымен қатар, мектептің мәжіліс залында «Халық қаһарманы», полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған Капитан Байтасов көркем фильмі көрсетілді.

Жиын соңында арнайы сыныптың қызыл лентасы салтанатты түрде қиылды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар