Жамбыл жаңалықтар
Таразда жолдың қарсы бетімен жүрген көлік иесіне 4 хаттама толтырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қаңтар, 2025
- 939
Автокөлік арнайы айып тұраққа қойылған
Таразда жолдың қарсы бетімен жүрген көлік иесіне 4 хаттама толтырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бүгін Тараз қаласындағы Төле би көшесінің бойында «Боран-4» авто экипажымен «Volkswagen Passat» маркалы көлігі жол ережесін өрескел бұзғаны үшін тоқтатылған.
- Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында тағы бірнеше құқық бұзушылықтар анықталды. Оған қатысты жолдың қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін, қауіпсіздік белбеуін тақпағаны, көлікті техникалық байқаудан өткізбегені және міндетті сақтандыруы болмағаны үшін барлығы төрт әкімшілік хаттама толтырылды,- делінген хабарламада.
Автокөлік арнайы айып тұраққа қойылған.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Таразда есірткі жасырған ер адам полиция бақылауына алынды
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Байзақ ауданы сапалы ауызсумен 100 пайыз қамтылды
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2025





