Таразда жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 тамыз, 2025
- 441
Қала аумағында жалпы ұзындығы 277,9 шақырымды құрайтын магистралдық және ішкі кварталдық жылу желілері бар. Оның ішінде «Таразтрансэнерго» МКК қарауындағы 229 шақырым желінің тозу деңгейі — 67,8%, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2023–2024 жылдары қала әкімдігі тарапынан жылу жүйесін жаңғыртуға арналған 20 жоба әзірленді. Ұзындығы 72,4 шақырым болатын 11 жобаға республикалық және облыстық бюджеттен қаржы сұралуда.
Ағымдағы жылы 3 жоба қолдау тапты. Соның бірі – Сыпатай батыр, Төле би және Тұрысов көшелері бойындағы М-1 жылу магистралін қайта жаңарту. Қазір 1536 метр құбырдың 1400 метрі жаңартылды.
Екінші ірі жоба – Жамбыл даңғылы, Қонаев пен Сейфуллин көшелерін қамтитын М-3 магистралін қайта жаңғырту. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың маусымында басталды.
Бүгінде 625 метр ескі құбыр алынып, 340 метр жаңа құбыр салынды.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025





