Жамбыл жаңалықтар
Тараздық полицейлер қарақшыны ізін суытпай ұстады
- авторjambylinfo.kz
- 11 қараша, 2021
- 425
Тараздық полицейлер қарақшыны ізін суытпай ұстады
Тараз қаласының полициясына облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны белгісіз тұлғаның Б.Момышұлы көшесінде орналасқан аялдамалардың бірінде құны 53000 теңге тұратын "Редми" маркалы ұялы телефонын ашық түрде алып, белгісіз бағытқа қашып кеткендігі туралы шағымданған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Тараз қаласының 28 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Таразда есірткі жасырған ер адам полиция бақылауына алынды
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Байзақ ауданы сапалы ауызсумен 100 пайыз қамтылды
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2025






