дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 16:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тарихы терең Тараздан тағзым

Тарихы терең Тараздан тағзым
ашық дереккөзі
Тарихы терең Тараздан тағзым
Бүгін облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласының 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері оңтүстік астанаға аттанды. Олардың қатысуымен 17-18 қазан күндері Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. 10 автокөлікке тиелген азық-түлік тауарларының ішінде ет, шұжық, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер мен макарон өнімдері, қант, ұн, балық, жеміс-жидек пен көкөніс және тағы да басқа өнімдер бар. Алматы қаласындағы «Астана» алаңы мен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының маңында өтетін жәрмеңкеде жамбылдық шаруалар жалпы құны 162,1 млн. теңгені құрайтын 336,1 тоннадан астам өз өнімдерін нарық бағасынан 10-20%-ға төмен бағада өткеретін болады. Тұңғыш ЖАНҰЗАҚОВ, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар