“Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясы: Тараздықтар тазалық шарасын өткізді
- авторМағжан Орынбасар
- 3 қыркүйек, 2025
- 1.3k
“Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясы аясында Тараз қаласында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шара барысында Саңырақ батыр көшесі тазартылып, шашылып жатқан қоқыстар жиналды.
Экологиялық бастамаға Облыстық Жастар ресурстық орталығының, Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары мен “Жасыл ел” еңбек жасақтарының сарбаздары белсене атсалысты.
Игі іске 150-ге жуық жас қатысып, тарихи Тараз қаласының тазалығына өз үлестерін қосты. Мұндай бастамалар – өскелең ұрпақтың туған жерге деген жанашырлығын, жауапкершілігін арттыруға бағытталған нақты қадам.
- "Таза Қазақстан" – таза болашақтың кепілі! Тарихы терең Таразымызды күл-қоқыстан тазалап, еліміздің экологиялық мәдениетін көтерейік. Әрбір азаматтың саналы әрекеті – Қазақстанның жарқын келешегіне қосылған үлес. Тазалық – табалдырықтан басталады, ал жауапкершілік – өзімізден!, - дейді қала жастары.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда жоғалған малшы 3 күннен кейін табылды
- авторБақытжан Бекболат
- 23 наурыз, 2026
Жамбыл облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы кең көлемде өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 23 наурыз, 2026






