Биыл Жуалы ауданында 5 спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза баспасөз конференциясын өткізді.
Жуалы ауданы – облысымызың экономикалық және әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосып отырған аймақтардың бірі. Ауданның экономикасы мен әлеуметтік құрылымы әртүрлі салалардан тұрады және оның дамуы облыс деңгейіндегі көрсеткіштерге айтарлықтай ықпал етеді.
Аудан әкімінің айтуынша, Б.Момышұлы ауылы және Ертай, Қарасаз, Көлтоған ауылындарында салынып жатқан спорт кешені алдағы уақытта ел игілігіне қызмет етеді.
Оның ішінде бүгінгі күні 1 нысанда құрылыс жұмыстары аяқталса, 4 нысан 2025 жылға өтпелі екен.
Жалғас Әлижанұлының айтуынша, 2024 жылдың 9 айында ауданның жалпы өңірлік өнімі 58 миллиард 101 миллион 6 мың теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3 пайызға төмендеген. Жыл басынан бері аудандағы өнеркәсіп кәсіпорындарында 13 178,9 миллион теңгенің өнімі өндіріліпті. Ауылшаруашылығында нақты көлем индексі 97,6 пайызды немесе 32 343,7 миллион теңгені құраған. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7 417,5 миллион теңгеге, сауда айналымы 7 273,7 миллион теңгеге жеткен. Сол секілді құрылыс көлемі 5 305,3 миллион теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 176,7 пайызды көрсеткен. Тұрғын үй көлемі 12 292 шаршы метрді құрап, 102,1 пайызға орындалған.
– Аудан бюджетінің кірісі 8 101 299,8 мың теңгені құрап, меже 104,1 пайызға орындалды. Шығысы 7 602 936,1 мың теңге, атқарылуы 94,0 пайыз болды. Ауылшаруашылық жерлері 216 306 гектар болса, оның ішінде 95 449 гектар егістік жері бар. Мал азығы ретінде 182 900 тонна пішен, 17 000 тонна пішендеме, 38 500 тонна сабан, 19 000 тонна сүрлем дайындалды. Көктемгі дала жұмыстарына 8 тонна супер элита тұқымы алынып, толығымен себілді. Жазғы дала жұмыстарына 2 285,86 тонна дизель отыны бөлінді. 2024 жылы техниканың жаңаруы 10 пайызды құрайды. «КТ Жуалы» несие серіктестігі 18 шаруашылыққа 148,8 миллион теңге несие берді. Ауданда мал басы да тұрақты өсіп келеді. Бүгінгі таңда 55 580 мүйізді ірі қара, 263 529 қой-ешкі, 17 346 жылқы тіркелген. 2024 жылы 141 асылтұқымды ірі қара малы, 2 367 асылтұқымды қой сатып алынды, – деген аудан әкімі Жалғас Мұртаза мұнан соң елді мекендерді ауызсумен және газбен қамтамасыз ету бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.
Есепті кезеңде 46 елді мекен ауызсумен, 45 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Сондай-ақ биыл елді мекендердегі 6 көше жарықтандырылыпты. Нәтижесінде ауылішілік көшелердің жарықтандырылу деңгейі 84 пайызды құраған.
2024 жылғы көктемгі және күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары барысында 13 рет сенбілік ұйымдастырылып, «Жасыл белдеу» бағдарламасы бойынша 21 841 тал-дарақ отырғызылып, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 160-қа жуық көше тазаланыпты.
Аудан әкімі брифинг барысында жергілікті автомобиль жолдарының жай-күйіне де тоқталды. Айтуынша, аудан аумағындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 563,5 шақырымды құрайды. 2024 жылға жалпы 1,2 миллиард теңге қаралып, 44,66 шақырым автомобиль жолдарын (41 жоба) орта жөндеу жұмыстары жоспарланыпты. Бүгінгі күнге 39 жоба бойынша тиісті жұмыстар аяқталған. Жалғас Әлижанұлы жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті аудандық мәндегі автожолдардың үлесін 99 пайызға, ал елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 91 пайызға жеткізу межеленіп отырғанын айтты.
Бүгінгі күні Жуалы ауданында тұрғын үй кезегінде 909 азамат тіркелген. Б.Момышұлы ауылында екі көппәтерлі тұрғын үйге құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, кезекте тұрған 36 азаматқа таратылыпты. Биыл «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ есебінен 909,6 миллион теңге бюджеттен қаржы бөлініп, сатып алуға болатын 5 қабатты 60 пәтерлі ірі панельді 1 тұрғын үй құрылысы жоспарланған. Бүгінгі күнге құрылыс жүргізілетін орын белгіленіп, «Бином» ЖШС ағымдағы жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын бастап, жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтауды көздеп отыр.
Баяндамашы өз кезегінде кәсіпкерлік саласы, оның ішінде келесі жылға өтпелі болып тұрған жобалар бойынша да ақпарат берді. Сонымен бірге табиғаты көркем Жуалы ауданының туризм саласындағы жетістіктеріне тоқталды.
Жуалы ауданында 6 негізгі туристік нысан, 4 демалыс орны, 3 қонақүй орналасқан. Барлық қонақүйлер «e-Qonaq» ақпараттық жүйесіне енгізілген.
Брифинг барысында 2024 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстармен қатар алдағы жоспарлар да жан-жақты талқыланды.
Жайылым бойынша.
2024 жылға 5000 гектар жер қайтару жоспары бекітілді. Бүгінгі күнге 2 693,5393 га. болатын 39 жер телімі мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Оның ішінде егістігі 20,0 жайылымы 2 660,8001 га., басқа жерлер 12,7382 га. қайтарылды. Шаруа қожалықтарының жерлеріне кедергісіз мал жаюға Б.Момышұлы ауылы мен 13 ауылдық округ бойынша 103 шаруа қожалықтармен 14,3 мың га. жер телімімен келісім меморандум жасалды. Сонымен қатар мал басы көп тұрғындарды аудандық орман шаруашылығымен келісе отырып орман жер қорына шығару жоспарланған. 2024 жылы орман қоры жерлеріне 21 жер пайдаланушы 3038 га. жерді пайдалауға келісім шарт жасасты. Аталған жерлерге 2100 мал басы шығарылған.
Ауыз су бойынша
Ауданда орналасқан 49 елді мекеннің 46-сы ауыз сумен қамтылған (546,08 шқ) ол 93,8 пайызды халық санымен 52 879 тұрғын, 96,9% құрап отыр. Орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмаған 3 елді мекен қалып отыр. Оның ішінде Түктібай, Ақтөбе ауылдарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, республикалық бюджеттен қаржы қарастырылды. Түктібай және Ақтөбе. Қазіргі уақытта 60% жұмыстар атқарылды, жоспарға сәйкес 15 желтоқсанға аяқтау көзделуде. Сонымен қатар ағымдағы жылы 4 елді мекенге аула және халық саны аз болғандықтан КБМ орнату арқылы ауыз қамтылды, жалпы қаржысы 129 549 мың теңге қаржы қарастырылып (Қарасу-29 326 мың, Көктас-34194 мың, Күркіреусу-21 894 мың, Амансай-44 135 мың) Енді қалып отырған 1 е.м. 13 ауласы Қазбастау елді мекені 2025 жылы ауыз сумен қамтылады.
Сонымен қатар ауыз су жүйесі тозуына және ескіруіне байланысты Б.Момышұлы, Қайрат, Көлбастау, Күреңбел, Бақалы ауылдарының су жүйесіне жаңа құрылыс жүргізіліп, қайта жаңғыртылатын болады. Бұл бағыт бойынша бүгінгі күнге 4 елді мекеннің ЖСҚ дайын жалпы қаржысы - 3877,023 млн (Қайрат-1 046,386 млн, Көлбастау- 1 356,251 млн, Күреңбел-986,102 млн, Бақалы-488,284 млн) Б.Момышұлы ауылы бойынша әзірлену сатысында. Оның ішінде Қайрат (келісім шарт-850 014 мың тг. №27 09.04.2024ж.) басталған болатын.
Табиғи газ бойынша: Аудан көлемінде жалпы газ кұбырының ұзақтығы 569,790 шақырымды құрайды және тәуліктік газ тұтыну көлемі жаз мезгілінде 17 300 кубты, қыс мезгілдерінде- 95 000 -100 000 кубты құрайды.
Табиғи газбен қамтылу бойынша Аудандағы 49 елді мекеннің 45 елді мекені табиғи газбен қамтылған, ол 91,8% құрап отыр.
Табиғи газбен қамтылмаған Билікөл ауылдық округіндегі Қарабастау, Абдықадыр, Жылыбұлақ, Дарбаза елді мекендеріне кварталішілік газ тарту және магистралды газ тарту желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірленіп, тиісті құжаттар толық рәсімделген. Қазіргі уақытта Қарабастау, Жылыбұлақ ауылдарына кварталішілік газ тарту және магистралды газ тарту желілерінің құрылысы жұмыстары жүргізілуде (жалпы қаржысы 746 364 мың тг.) және жыл соңына аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар Қалған Абдықадыр-42333,4 мың тг, Дарбаза -35497,2 мың ауылдарының жобалары нақтылауда. Бұл елді мекендерді 2025 жылы табиғи газбен қамту көзделуде.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Қыз алып қашу салт-дәстүр ме?
Ұқсас жаңалықтар
«Діндегі актуалды мәселелер» тақырыбында семинар өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 11 қараша, 2024