дүйсенбі, 25 қараша, 2024 4:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Туған жеріне қонақ үй сыйлаған түлек

Туған жеріне қонақ үй сыйлаған түлек
ашық дереккөзі
Туған жеріне қонақ үй сыйлаған түлек
Бүгінде Жамбыл өңірінде «Жомарт түлек» жобасы басталып, өз жемісін бере бастады. Сондай-ақ аталған жоба облыстың әрбір ауданында да жалғасын табуда. Мұндағы мақсат – әр салада жетістікке жеткен түлектерді жас ұрпаққа таныстыру, үлгі ету болып отыр.
Аталған форум Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында да ұйымдастырылды. Айтулы шараға Талас топырағынан шыққан елге белгілі бірқатар азаматтар қатысты. Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек ел таныған тұлғалардың ауданның дамуына қосқан үлесінің ерекше екенін атап өтті. Ал, белгілі қаламгер, облыстық мемлекеттік архивінің директоры Көсемәлі Сәттібайұлы туған жерін көркейтуге қолдау көрсетіп жүрген азаматтарға ризашылығын білдіріп, аудан басшысына Қаратау қаласының қақ ортасында талай жылдан бері қараусыз тұрған ғимараттардың мәселесін шешіп, халық кәдесіне жаратуды қолға ал­саңыз деген тілегін де жеткізді. Осы орайда кәсіпкер, Талас ауданының құрметті азаматы Досан Рымтаев көтерілген бастаманы қол­дайтынын айтып, жиын барысында өзі басқаратын серіктестік меншігіндегі ғимараттың бірі – бүгінде қараусыз тұрған бұрынғы «Қаратау» қонақүйінің ғимаратын халықтың игілігіне тегін тарту етті. Тіпті оны жөндеу жұмыстарына да көмектесетінін айтты. Кәсіпкердің айтуынша, ол аталған нысанды жа­қында ғана 60 млн теңгеге сатпай қойыпты. Одан да елдің игілігі үшін оны тегін беруді ұйғарған екен. «Қолы ашықтың – жолы ашық» дейді халық. Д.Рымтаевтың бұл тосын сыйына аудан тұрғындары да ризашылығын білдіруде. Шы­нында да Қаратау қаласының ор­талығындағы бұл ғимарат бір кезде зәулім қонақүй болған. Кейін тоқсаныншы жылдардағы қиын кезеңде жекеменшікке өтіп, қараусыз қалған. Ал тәуелсіздік жылдары Талас ауданын басқарған талай басшы бұл ғимаратты мемлекет меншігіне ала алмай кеткен болатын. Бірақ жұртшылықпен жүздесуге келген кәсіпкер жомарттық таны­тып, оны ел игілігі үшін тегін берді. Алдағы уақытта бұрынғы «Қаратау» қона­қүйі­нің ғимараты күрде­лі жөндеу­ден өткі­зіліп, қалпына келтірі­летін болады.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар