бейсенбі, 7 қараша, 2024 10:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Туристер таңғалады». Жуалыдағы курортта бизонның сүтінен моцарелла сыры өндіріледі

«Туристер таңғалады». Жуалыдағы курортта бизонның сүтінен моцарелла сыры өндіріледі
Jambylinfo.kz
Тау-шаңғы кешеніне шетелден 50 жануар әкелінбек

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек «Қаралма» тау-шаңғы кешеніне туристерді тарту үшін қандай жұмыстар жасалатынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ең бірінші облыстағы туристік аймақтардағы инфроқұрылым мәселелері шешіледі. Ал,  бес жылдан бері бітпей тұрған «Қаралма» демалыс кешінін қайта жандандыруға бел байлаған Aq Niet Group компаниясы мегажобаны гүлдендіруге күш салады.
Әбілхайыр Тамабектің сөзінше, инвесторлар туристік аумаққа шетелден 50 бизон әкелуге ниетті. Оны көрер көзге сән үшін ғана асырамай, сүтін сауып, моцарелла сырын өндіреді екен. Бұл тау-шаңғы кешеніне турист тартудың тың тәсілі дейді шенеунік. 

-    «Қаралма» тек қыста ғана жұмыс істемейді. Тау-шаңғы кешінен бөлек, мұнда этноауыл болады. Киіз үй тігіліп, жаз басталған уақыттан күн суығанша жұмыс істейді,- деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар