жексенбі, 12 мамыр, 2024 21:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

«Әулиеата» командасы көкпардан Қазақстанның 14 дүркін чемпионы атанды

«Әулиеата» командасы көкпардан Қазақстанның 14 дүркін чемпионы атанды
Сурет облыс әкімдігінің ресми сайтынан алынды
Жарыс 20-27 аралығында Қызылорда өңірінде өткен

Биыл 20-27 сәуір аралығында Қызылорда қаласында көкпардан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған байрақты бәсекеге 16 облыс пен қалалардан 190 спортшы қатысты, деп .хабарлайды jambylinfo.kz Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жарыстың топтық іріктеу кезеңінде Жамбыл облысының «Әулиеата» командасы үздік шығып, жартылай финалда Түркістан облысының «Тұран» командасынан 9:2 есебімен басым түсті.

Финалдық кездесуде Алматы облысының көкпаршыларынан 7:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша жамбылдық «Әулиеата» командасы көкпардан Қазақстанның 14 дүркін чемпионы атанды.

Чемпионаттың «Үздік ойыншы» номинациясы жамбылдық Жақсылық Ерғалымға бұйырды.

Айта кетейік, елімізде көкпар спорт түрінен 21 рет Қазақстан Республикасының чемпионаты ұйымдастырылса, оның 14-де «Әулиеата» командасы көш бастап тұр.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар