жексенбі, 24 қараша, 2024 23:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Вакцина алған жамбылдықтардың саны 306 мыңға жуықтады

Вакцина алған жамбылдықтардың саны 306 мыңға жуықтады
ашық дереккөзі
Вакцина алған жамбылдықтардың саны 306 мыңға жуықтады
Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялау қарқынды жалғасуда. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап облыста 305 824 адамға вакцина салынған. Оның ішінде «QazCovid-in» – отандық вакцинасы - 8 495 адамға, сондай-ақ, 338 910 доза - «Спутник V» вакцинасының 1-ші және 239 640 доза 2-ші компоненті алынған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қатар, «Хаят Вакс» вакцинасының 34 000 дозасы (17 000 адамға) егілген. «Жалпы өсіммен 305 824 тұлға 1-ші компонентімен, оның ішінде 7 212 тұлға - отандық, 251 648 тұлға – «Спутник V», 29 911 тұлға – «Хаят Вакс» вакцинасымен және 17 000 тұлға «КоронаВак» вакцинасымен екпе алды. Екпе қабылдағандардың 6,1 пайызы медициналық қызметкерлер, 11,8 пайызы білім беру мекемелерінің қызметкерлері, 6,2 пайызы арнайы күш құрылым қызметкерлері, 2,3 пайызы мемлекеттік қызметкерлер және 73,6 пайызы басқа да тұлғалар»,- делінген басқарманың хабарламасында. Барлық егу жағдайларынан соң е шқандай соң асқынулар тіркелмеген. Бүгінгі күнге облыста Отандық вакцинаның - 1283, «Хаят Вакстың» - 0 дозасы, «Спутник V»-тің 1 компонентінің - 87 209, 2 компонентінің 56 526 дозасы бар.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар