сәрсенбі, 27 қараша, 2024 7:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Вакцинацияның маңыздылығы туралы

Вакцинацияның маңыздылығы туралы
ашық дереккөзі
Вакцинацияның маңыздылығы туралы
Коронавирустық инфекция ауруы тек науқас үшін ғана емес, сонымен қатар оның қоршаған ортасы үшін де өте қауіпті екендігіне ешкім күмән келтірмейді. Covid-19 вирусы ауа-тамшы жолдары арқылы беріледі. Вирус жұқтырған адамның жөтелуі, түшкіруі және тіпті әдеттегі тыныс алу арқылы таралуы мүмкін. Вирус жүйелі иммунопатологиялық реакцияларды, тыныс алу жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін және әсіресе егде жастағы адамдар мен қауіпті топтағы адамдар үшін қауіпті. Вирусты жұқтыру оңай-науқастың жанында болу жеткілікті. Сондықтан қауіпсіздік шараларын сақтау қажет, олардың ішінде ең тиімдісі – вакцинация. Пандемия кезінде бір адам бірнеше көршілерге, әріптестерге немесе жанындағы адамдарға вирусты жұқтырады, ал осы кісілердің әрқайсысы  тағы осыншама адамдарға вирусты таратады. Жазылған адамдар иммунитетті қалыптастырады, ол қайта инфекциядан қорғайды. Бір сәтте олардың саны көп болғандықтан, олар инфекцияның таралуын тежейді. Алайда, ұжымдық иммунитетті құрудың бұл әдісінің бағасы тым жоғары - артық өлім жағдайлары. Вакцинация арқылы ұжымдық иммунитеттің жоғарылауы вакцинацияланбайтындарды қорғауға ғана емес, сонымен қатар Covid-19 таралуын тиімді төмендетуге мүмкіндік береді — осылайша пандемияны тезірек жеңуге болады, өйткені иммунитетті адамдар арасында коронавирус айналымы қиын болады — бұл ұжымдық иммунитеттің күші. Қазақстанда Вакцинация ерікті болып табылады. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация егілушінің тек ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған, кез келген қысым көрсету заңсыз болып табылады. Вакцина өзінің тиімділігін дәлелдеді. Біріншіден, ол инфекцияның ауыр ағымы мен асқынуының алдын алады, екіншіден, вакцинацияланғандарды ғана емес, басқаларды да қорғайды, «ұжымдық иммунитетті» қалыптастырады, үшіншіден, иммундаудан кейін алынған «вакцинация паспорты» ел ішінде де, одан тыс жерлерде де саяхатыңызды жеңілдетеді. Мұнымен қоса, науқастардың 99,5% вакцинацияланбаған адамдар екенін атап өту керек. Мереке алдындағы күндерді және жаңа "Омикрон" штаммының пайда болуын ескере отырып, халықты шетелге барудан бас тартуға, вакцинациялауға және қарапайым ережелерді сақтауға шақырамыз:бетперде кию, әлеуметтік қашықтық, қол гигенасы.    
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар