жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Вице-премьер Ералы Тоғжанов Қордай ауданында

Вице-премьер Ералы Тоғжанов Қордай ауданында
ашық дереккөзі
Вице-премьер Ералы Тоғжанов Қордай ауданында
Жамбыл облысына жұмыс сапарының екінші күні вице-премьер Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Қордай ауданында болды. Премьер-Министрдің орынбасары биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ жанындағы вакциналар шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылыс барысын тексерді. Гвардейск қалашығындағы зауытта жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шығарылмақ. Ералы Тоғжанов ғалымдарға атқарған жұмыстары, соның ішінде коронавирустық инфекциямен күреске қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді. - Мемлекет басшысы отандық вакцинаны әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Қазақстандық вакцина біздің азаматтарымыздың денсаулығын қорғауға айтарлықтай көмектеседі деп сенемін, - деп атап өтті ол. Вице-премьер отандық және шетелдік мамандарға арналған 3 көпқабатты тұрғын үйдің, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс барысымен танысты. Мұнда қазір ішкі және сыртқы әрлеу, шатырды орнату, инженерлік жүйелерді жүргізу жұмыстары қатар атқарылуда. - Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми -зерттеу институтының қызметкерлері үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Атап айтар болсақ, тұрғын үйлер, балалар ойын алаңшалары, дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. 63 жыл ішінде институт қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі алғаш рет шешімін табуда. Еліміздің және облыс басшылығына үлкен алғысымызды білдіреміз. Жақында зауыт толық қуатымен жұмыс істей бастайды, – деді институттың бас директоры Күнсұлу Закария. Бұдан соң Ералы Тоғжанов Отар ауылында салынып жатқан Мәдениет үйіне барды. Мердігер мекеме – «Байсын-А» ЖШС. Мұнда балалар түрлі үйірмелерге қатысып, кітапханаға да бара алады. Вице-премьер өткен жылдың желтоқсан айында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында пайдалануға берілген Отар ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін де аралап көрді. Премьер-Министрдің орынбасары Қордай ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар