сенбі, 27 сәуір, 2024 17:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Волейболдан Қазақстан чемпионаты: «Тараз» жеңіске бір табан жақын тұр

Волейболдан Қазақстан чемпионаты: «Тараз» жеңіске бір табан жақын тұр
Фото: Pexels
Павлодар қаласында волейболдан ерлердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионатында жартылай финалға шыққан клубтар толық анықталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. kaz.inform.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Плей-офф бәсекесінде «Тараз» бен «Ақтөбе» командаларының жолдары түйісті.

Бұл кездесуде «Тараз» өзінің фаворит екендігін дәлелдеп, 3:1 (25:18, 25:21, 24:26, 25:17) есебімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ өткен жылғы ел чемпионы «Павлодар» клубы «Жетісу жастарын» 3:0 (25:18, 30:28, 25:23) есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, жартылай финалда «Павлодар» - «Есіл» (СҚО), «Тараз» - «Атырау» командалары өзара мықтыны анықтайды. Екі жеңіске қол жеткізген клуб финалға жолдама алады.

Қалған командалар 5-8 орындар үшін таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Қазақстан чемпионатында «Есіл» мен «Атырау» жартылай финалға жолдама алған.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар