Жамбыл жаңалықтар
«Үйінде бір қап марихуана сақтаған». Заңға қайшы кәсіп жасаған Шу ауданының тұрғыны ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 17 қаңтар, 2025
- 1.1k
Күдікті жазғы ас үйде бір қап марихуана сақтаған, ал тағы бір қап шөп жиналған қорадан табылған
Жазғы ас үйде бір қап марихуана сақтаған Шу ауданының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Есірткі заттарын заңсыз дайындап, аса ірі мөлшерде сақтау фактісі бойынша полиция қызметкерлері Шу ауданының 41 жастағы тұрғынын ұстады.
Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде есірткі қойылған бірнеше жасырылған орын табылды. Күдікті жазғы ас үйде бір қап марихуана сақтаған, ал тағы бір қап шөп жиналған қорадан табылған. Барлығы 6 келі 132 грамм кептірілген марихуана тәркіленді.
Күдікті кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы кең көлемде өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 23 наурыз, 2026
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтілді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 наурыз, 2026






