Жамбыл жаңалықтар
Өз міндеттемелерін уақытылы орындамайтын мердігерлерге қатысты қатаң шаралар қолдану қажет
- авторjambylinfo.kz
- 23 шілде, 2021
- 248
Өз міндеттемелерін уақытылы орындамайтын мердігерлерге қатысты қатаң шаралар қолдану қажет
Облыс әкімдігінде өткен кеңесте білім беру, денсаулық сақтау, спорт нысандарындағы жөндеу-құрылыс жұмыстарының орындалу барысы сараланды.
Аймақ баcшысы Бердібек Сапарбаев мердігерлер мен құрылыс басқармасына құрылыстың мерзімі мен сапасына, бөлінген қаржының игерілмеуіне, ЖСҚ әзірлеудегі олқылықтарға қатысты бірқатар ескертпелерін білдірді.
Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаевтың айтуынша, 207 жобаға 67,6 миллиард теңге бөлінген. Биыл 150 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда.
- Тараз қаласындағы №2 мектептің құрылысы баяу орындалуда. Шу қаласындағы Айша бибі және Ы.Алтынсарин және Қордай ауданындағы Арал орта мектептерінің сметалық құны қайта есептелуде. Жобалаушылардың қателігі салдарынан Байзақ ауданындағы Шахан және Сеңкібай ауылдарындағы мектеп құрылысына қатысты қиындықтар туындауда. 2019 жылы басталған Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы №3 колледж ғимаратына жапсарлас нысанның құрылысы 90 пайызға аяқталды. Жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізіліп, сараптама қорытындысы алынды, - деді Ерлан Орынбаев.
Бердібек Сапарбаев жұмыстар басталып кеткен соң жобалық-сметалық құжаттамаларға өзгерістер енгізіліп жатқанындығын сын тезіне алып, Тараздағы №2 мектеп құрылысының кешігіуіне қатысты «Талас құрылыс» ЖШС басшысы берген жауапқа қанағаттанбады. Өткен жылы да бұл мердігер уәделерді үйіп-төгіп бергенімен, жұмысы әлі де ширай қоймаған. Облыс әкімі басқа да бұзушылық фактілерін алға тартты. Айталық, екі айдан бері №22 мектептің құрылысы тоқтап тұр десек, Қордай ауданындағы Күнбатыс-2 массивінде мектептің құрылысы кестеден қалып қойған. Сол секілді, Шалғай Қарасу массивіндегі 600 орындық мектепке әлі күнге электр жарығы тартылмаған. Аймақ басшысы әр мектептің мәселесін тиісті жауапты мердігерлермен, аудан әкімдерімен жеке-жеке талқылап, мерзімдердің бұзылу себептерін тыңдап, барлық кемшіліктерді жоюды тапсырды.
- Өз міндеттемелерін уақытылы орындамайтын мердігерлерге қатысты қатаң шаралар қолдану қажет, - деп талап етті облыс әкімі. Жыл басынан бері құрылыс нормалары мен сапа талаптарын бұзғаны үшін 10 мердігер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 3,8 миллион теңге айыппұл салынған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
8 мыңға жуық Қордайлық дауыс беріп үлгерді
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024