Заңсыз ойынхана ашқан тараздық жазаға тартылды
- авторjambylinfo.kz
- 27 қаңтар, 2021
- 743
Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Тараз қаласының аумағында лицензиясыз және ҚР заңнамасының талаптарын бұзып жұмыс істеп келген жасырын ойын мекемесін анықтады. Қылмыстық іс-әрекеттің жолын кесу мақсатында экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жасырын бақылау арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып келген М. Скорик есімді азаматты қолға түсірді. Жасырын ойын мекемесін тексеру барысында 31 компьютер, 4 ойын автоматы және ақша тәркіленіп алынды. Тараз қаласы сотының үкімімен М. Скорик ҚР ҚК-нің 307-бабы 1-бөлігі бойынша қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Қытайдың Африкадағы «қаржы қармағы»
Ұқсас жаңалықтар
«Тәуелсіздік шежіресі» атты танымдық мәдени кеш ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025






