Заңсыз субсидиялар: Ауыл шаруашылығы саласында 900 миллион теңге жымқырылған
- авторМағжан Орынбасар
- 7 сәуір, 2025
- 152

Брифингте алғашқылардың бірі болып сөз алған облыс бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері Жағыпар Исатаев Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің басшылығының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мен адал кәсіпкерлерді қылмыстық процесс шеңберіне тартуға жол бермеу туралы тапсырмаларына сәйкес барлық тиісті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді, - деп Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, соңғы 6 жылда департамент Қылмыстық кодекстің 189 және 190 баптары бойынша 92 қылмыстық істі тіркеген.
– Облысымызда ауыл шаруашылығымен айналысатын 138 мыңнан астам адам бар, бұл басқа салалардың қызметкерлеріне қарағанда бір жарым есе көп. Қаржылық мониторинг агенттігі құрылғалы бері экономикалық тергеу қызметі бюджет қаражатының жымқыру деректерін анықтауға жұмылдырылған. Мысалға, таңқурайдың элиталық сорттарын сатып алу үшін бөлінген субсидиялардың жымқыруы туралы айтуға болады. Департамент жүргізген тексеру нәтижесінде шаруа қожалықтарының егістік алқаптарында субсидияланатын сорттар табылмаған. Осылайша, қылмыскерлер мемлекеттен заңсыз 900 миллион теңге сомасында субсидия алған. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығындағы техникалар мен жабдықтарды сатып алу бағдарламасы бойынша да алаяқтар заңсыз субсидия алып, 2023-2024 жылдары сот үкімдерін алған. Бұл жағдайлар жеке-жеке оқиғалар емес, бүгінгі таңда алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен шаруа қожалықтарының саны 200-ден асады. Барлық тергеу іс-шаралары белсенді жүргізілуде, сонымен қатар қылмыстық жолмен алынған мүліктерге тыйым салынуы қарастырылуда, – деп атап өтті Жағыпар Қожахметұлы.
Жағыпар Исатаев ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге электрондық цифрлық қолтаңбаны тек сенімді тұлғаларға ғана беруге және алаяқтардың әрекеттерінен сақ болуға шақырды.
Ал облыстық Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Рүстембек Жаимбаев Кәсіпкерлер палатасы мен Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өзара әрекеттесуі туралы баяндады. Оның айтуынша, жыл сайын палата мен департамент арасында Меморандум бекітіліп, бірлескен іс-шаралар жоспарланады.
– Біз әрдайым кәсіпкерлерге арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырамыз. Бұл дөңгелек үстелдермен шектелмей, құқық қорғау кеңес отырыстары, ведомтвоаралық кеңестер, «Ашық есіктер күні» секілді түрлі кездесулер мен профилактикалық әңгімелесулерді қамтиды. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне байланысты палата мен департаменттің өзара әрекеттесуі жоғары деңгейде, – деді Рүстембек Керімбекұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда "Ғаламдық диалог шеңбері" форумы басталды
- авторМағжан Орынбасар
- 10 сәуір, 2025