сәрсенбі, 1 сәуір, 2026 18:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Заң және тәртіп»: Тараздық жастар граффити жазуларын өшірді

«Заң және тәртіп»: Тараздық жастар граффити жазуларын өшірді
Фото - ашық дереккөз
Аталған шараға тәртіп сақшылары да атсалысты

Тараз қаласында заң және тәртіп қағидаттарын нығайту мақсатында маңызды профилактикалық шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аталған іс-шараны Тараз қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-сі мен Жамбыл облыстық полиция департаменті бірлесіп өткізді.

- Шара барысында қала аумағында есірткі заттарын заңсыз жарнамалайтын граффити жазуларын өшіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы таратпа материалдар үлестірілді. Бұл бастамаға студент жастар, полиция қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері және Жастар ресурстық орталығының мамандары белсенді түрде қатысты. Қатысушылардың бірлескен еңбегі қоғамда құқық бұзушылықтың алдын алуға, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Аталған іс-шара – қала тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоғамда заңға деген құрметті арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады, - делінген ақпаратта. 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар