сенбі, 28 желтоқсан, 2024 16:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жүк көліктері – жолдың "жауы"

Жүк көліктері – жолдың "жауы"
ашық дереккөзі
Жүк көліктері – жолдың "жауы"

Жамбылда жол саласында 1 145  жоба іске асырылуда. Бұл мақсатта әртүрлі деңгейдегі бюджеттерден 2 млрд. теңге бөлінген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен жиында облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков мәлімдеді. Жалпы, аймағымызда 4 327 шақырым автомобиль жолдары мен 5 662 көше бар. Жоғарыда аталған жобалар аясында олардың 1 346 шақырымы жөндеуден өтпек. Қазірге дейін 902 жоба іске асырылып, 1 049 шақырым жолдың жөндеу жұмыстары аяқталған. Бақытжан Оразалыұлының айтуы бойынша, аталған жобалардың ішіндегі ірі 3-еуі республикалық бюджет есебінен жүзеге асып жатыр екен. – Облыстық маңызы бар «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ» автожолының 11 шақырымын, облыстық маңызы бар «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» автожолының 1,7-7 шақырымдарын қайта жаңғырту және ұзындығы 16,1 шақырым «Қырғызстан шекарасына Тараз қаласының оңтүстік айналма» автожолының құрылысы қарқынды жүруде. Бұл, өз кезегінде жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеуге, қосымша жұмыс орындарын құруға, елдімекендердің инфрақұрылымын дамытуға жол ашып отыр.  Аталған жобаларға жалпы 5 мыңға жуық жұмысшыларды тарту жоспарланған.

Жобалардың іске асырылуы өз кезегінде облыс тұрғындарының қауіпсіз көліктік қатынасуын қамтамасыз етумен қатар, халық тұрмысының жақсаруы мен жалпы өңірдің дамуына үлесін тигізіп, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыратын болады, – дейді басқарма басшысы. Осылайша, жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автожолдардың үлесі 85-тен 90 пайызға жеткізілмек. Баяндамасы барысында Б. Жәнібеков жөндеу мен құрылыс жұмыстарының сапасы жаңадан құрылған «Жол активтерінің Сапа орталығы» мекемесінің бақылауында болатынын жеткізді. Мәселен орталық мамандары 156 нысанда зерделеу жүргізіліп, 26 кемшіліка анықталған. Басқарма басшысы жолдың жылдам тозуына ауыр жүк көліктерінің тигізетін әсері көп екенін де айтып өтті. Оның сөзіне сүйенсек, Сарысу ауданындағы жолдардың жағдайына кеніштен тұз таситын техникалардың залалы мол болып тұрған көрінеді. Сол секілді, түрлі карьерлерге қатынайтын ауыр көліктер де жол жабынына зиян келтіріп келеді екен. Бұл мақсатта арнайы жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтқан ол автожолдардың бұзылуын болдырмау мақсатында облыстық табиғи ресурстар басқармасымен бірлесе әрекет ететіндерін жеткізді. Жиын барысында Бақытжан Оразалыұлы салаға қатысты өзге де мәселелер жайында сөз қозғап, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар