жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 8:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жүктелген тапсырмалар тиісті деңгейде орындалмаған

Жүктелген тапсырмалар тиісті деңгейде орындалмаған
ашық дереккөзі
Жүктелген тапсырмалар тиісті деңгейде орындалмаған
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың екпе егу қарқынын арттыру және мониторинг топтарының жұмысын күшейту бойынша жүктеген тапсырмалары тиісті деңгейде орындалмаған. -  Қазіргі таңда облысымызда КВИ жұқтырғандардың саны 16700-ден асса, өткен тәулікте 191 адам дертке шалдыққан. Инфекциялық стационарлардағы төсектердің толтырылуы 58 пайызды құраса,  жансақтау бөлімі бойынша 43 пайызға жетіп отыр. Жалпы, ахуал мәз емес. Әсіресе, Тараз қаласындағы жағдай көңіл көншітпейді, - деді аймақ басшысы коронавирустың алдын алу жөніндегі штабтың кезекті отырысында. Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Тараз қаласы, Шу және Қордай, Талас аудандары «қызыл» аймақта, Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Сарысу және Т.Рысқұлов аудандары «сары» аймақта орналасқан. Меркі мен Мойынқұм аудандары «жасыл» аймақта. Бердібек Сапарбаев оң нәтижеге қол жеткізу үшін вакцинациялау жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Жалпы облыс бойынша, 582 000 адамды екпемен қамту жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 342 142 тұлға екпе алып, 58,8 пайызды құрап отыр. Облыстық көрсеткіштен төмен қалып отырғандар: Тараз қаласы, Шу және Қордай аудандары. Аймақ басшысы, тиісті министрлікпен және статистика агенттігімен жүйелі жұмыстың жоқтығын  сын тезіне алды. Қоғамдық көліктерде, базарларда, ірі сауда орындарда маска режимінің сақталмай отырғанын, тұрғындардың кіріп-шығуы «Ашық» бағдарламасы бойынша жүзеге аспай отырғанын фото-слайд арқылы көрсетіп берді.   Онлайн режимде қатысып отырған Шу, Қордай, Талас аудандарының әкімдерінен, Тараз қаласының әкімінің тиісті орынбасарынан, Шу қаласы және бірқатар ауылдық округтердің әкімдерінің есептері тыңдалды. - Адамдардың  денсаулығы – бәрінен маңызды. Жаппай вакцинациялау арқылы біз ұжымдық иммунитетті қалыптастыра аламыз. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы. Тараз қаласы мен аталған аудандардағы жұмыстарды күшейтіп, жағдайды оңалту үшін, вакцинациялау бойынша жоспарды барынша орындауға 1 апта уақыт беремін. Одан соң, қатаң шаралар қолданамыз. Бос сөз, сылтау қабылданбайды. Тек пиар үшін жұмыс жасамай,  нақты нәтижені көрсетіңіздер.  Ақпараттық, түсіндіру жұмыстарын жандандыру керек. Ол үшін БАҚ, әлеуметтік желіні барынша пайдалану қажет. Ардагерлер кеңесін, мәслихат депутаттарын, қоғам белсенділерін, этномәдени бірлестіктерді де тартыңыздар, - деді Бердібек Сапарбаев.    
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар