«Жаңа өмір» – «Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы болып Марат Құлибаев тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 24 ақпан, 2025
- 823

Жуалы аудандық «Жаңа өмір» – «Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы болып Марат Құлибайұлы Құлибаев тағайындалды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Марат Құлибайұлы 1975 жылы 21 ақпанда Жуалы ауданындағы Бақалы ауылында туған. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің – филология және журналистика факультеттерін бітірген.
Еңбек жолын С.Сейфуллин атындағы орта мектепте мұғалім болып бастап, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, облыстық «Ар-Ай» газетінде жауапты хатшы, Жуалы аудандық «Жаңа өмір» қоғамдық-саяси газеті ЖШС директор-бас редакторының орынбасары, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, «AULIEATA-MEDIA ЖШС қарасты облыстық «Aq jol» газетінде жауапты хатшы, аға тілші болып жұмыс істеген.
Оқырманға ол «Мейірім», «Апамның аялы алақаны», «Қолқанат» атты әңгімелер жинақтары мен «Жұлдызы биік Жуалы» атты тарихи-танымдық кітабтары арқылы таныс. Марат Құлибайұлы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Ақпарат саласының үздігі.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты поэзиялық кеш өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 тамыз, 2025
Жамбыл облысында 120 орындық студенттік жатақхана ашылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 тамыз, 2025