Жаңа Салық кодексі: Таразда ауқымды семинар өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 28 тамыз, 2025
- 427
Жиын барысында министірлік өкілдері қатысушыларға Мемлекет басшысы 2025 жылғы 18 шілдеде қол қойған «Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің негізгі бағыттарын таныстырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаеваның айтуынша, келесі жылдан бастап кәсіпкерлер, салықтық есепті бұрынғыдай тоқсан сайын емес, жылына бір рет тапсырады. Бірыңғай жер салығы да жойылады. Мүлікті сатқаннан кейін төленетін салық мерзімі де ұзартылды.
– Жаңа Салық кодексінде әкімшілендіру тетіктері жеңілдеген. Мысалы, салық есептілігіне жататын нысандар 30%, жалпы салық саны 20% азайып отыр. Бірыңғай жер салығы жойылып, жекелеген төлемдер бойынша мөлшерлемелер мен алымдар саны кеміді. Жаңа норма бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, бизнесін дөңгелетуші тұлғалар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмейді. Әрі олар әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді төлегенмен, жеке табыс салығынан босатылған. Құжатқа сәйкес, ұйымдарға жоспарлы тексерулер енді жүргізілмейді. Тек жоспардан тыс тексерулер қалады. Адал жұмыс істеген тұлғаларға жаңа Салық кодексі ешқандай қиындық туғызбайды, – деді Айнұр Нұрлашқызы.
Оның айтуынша, ойын бизнесіне қатысты салық көлемі ұлғайтылды. Кәсіпкерлер бұрын 20 пайыз мөлшерінде корпоративті табыс салығын төлейтін болса келер жылдан бастап мемлекеттік алым 25 пайызға дейін өседі
– Жеке табыс салығы бойынша прогрессивті салық ставкасы енгізілді. Мысалы, осыған дейін жеке табыс салығы жеке тұлғалар үшін 10% болса, келесі жылдан бастап, белгілі бір мөлшерге келгенше, 10%. Одан кейін оған жоғары табыс алған жағдайда 1 жылдың ішінде, ол кезде 15% мөлшерінде салық салынады. Сонымен бірге келесі жылдан бастап «сән-салтанат салығы» енгізіледі. Әрине, жаңа салық режимін енгізілуі бұл салық төлеушілер үшін белгілі бір өтпелі нормалары бекітілді. Яғни 2026 жылдың 1 наурызына дейін егер салық төлеуші арнайы салық режимін қолданғысы келсе, ол мемлекеттік кірістер органдарына тиісті хабарламаны жібереді, – деді комитет өкілі.
Семинар барысында қатысушылар Қаржы министрлігінің өкілдеріне көкейде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды.
Мәжілісмен Нартай Аралбайұлы жаңа лауазымға ие болды
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






