Жалған "Антикор" өкілі мектеп директорына қысым көрсетпек болған
- авторБақытжан Бекболат
- 26 мамыр, 2025
- 810

Жамбыл облысындағы мектептердің бірінің директорына өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысымын деп таныстырған белгісіз азамат хабарласып, бұрын ішімдік ішіп жұмысқа келгені үшін жұмыстан шығарылған қызметкерді қайта жұмысқа алуға ықпал етуді сұраған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға Жуалы ауданындағы №4 мектепте болған. Тексеру барысында жалған ақпарат таратқан азаматтың жеке басы анықталып, оның Атырау облысында тұратыны белгілі болған.
Аталған факті бойынша полиция департаменті жала жабу бабымен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырып, материалды Атырау қалалық мамандандырылған сотына жіберген.
Сот барысында ер адам кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірген. Нәтижесінде ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған.
Ұқсас жаңалықтар
ҚАЖ департаменті дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 15 маусым, 2025