сенбі, 26 сәуір, 2025 4:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл ауданында 40 отбасы баспаналы болды

Жамбыл ауданында 40 отбасы баспаналы болды
Фото: gov.kz
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысы Жамбыл ауданының орталығы – Аса ауылында халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын 40 азаматқа тұрғын үйдің кілттері салтанатты түрде табысталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Дүйсенбі, 7 сәуір күні аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы жаңа баспана иелерін құттықтап, қуаныштарына ортақтасты. 

Баспана мәселесін шешу – мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі. Әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету саясаты Мемлекет басшысының тұрақты назарында. Қуаныштарыңыз құтты болсын! Жаңа баспана сіздерге бақыт пен береке әкелсін! – деді аудан әкімі.

Бірқабатты 20 тұрғын үйде жалпы саны 2 бөлмелі 40 пәтер қарастырылған. 

Жаңа баспанаға қол жеткізгендердің бірі, көпбалалы ана Салтанат Аманқұлова бұл күнді ұзақ күткенін айтып, өз ризашылығын білдірді.

 

Осы сәтті көптен күттік. Он жылдан астам уақыт бұрын кезекке тұрған едік. Бүгін қоныс тойын тойлап отырмыз. Үйіміз кең, жайлы, көңілімізден шықты. Ел Президентіне және жергілікті билікке алғыс білдіреміз! –  деді ол.

Айта кетейік, қазіргі таңда Жамбыл ауданында 1 750 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу мақсатында биыл Аса ауылында көпқабатты 4 тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар